Жер бетіндегі барлық адамдар толыққанды өмір сүруге құқылы!

on .

Ерекше баланың өмірі, егер бұл оның денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, мүгедектер арбасымен  және балалар бөлмесімен шектелмеуі тиіс. Оған басқа балалармен қарым-қатынас жасауы, мүмкіндігінше балабақша мен мектепке баруы, үйірмелер мен студияларға баруы, саяхат жасауы, достар табуы және жай ғана балалық шағынан ләззат алу керек. Мүмкіндігі шектеулі баланың дені сау адамдар арасында өмір сүруді үйренуі өте қиын. Бірақ дені сау балалардың да ондай  балалармен ортақ тіл табысуы оңай емес. 

Жыл сайын біздің қоғамымыздың ерекше балалардың мәселелеріне деген назары артып келеді.  Оңалту орталықтары, инклюзивтік топтар мен сыныптар, дамыту орталықтары мен инклюзивтік алаңдар ашылады. 3 қазанда ерекше күтімді қажет ететін біздің балалар, "Kunshyaq" екінші инклюзивті алаңының ашылуына қатысты. Алаң біздің қаламыздың ең әдемі жерлерінің бірі «Орталық саябақта» ашылды.

«Ротари- клуб, Астана» қоғамдық бірлестігі әкімдікпен бірлесе отырып, балалар мен ата-аналарды "Kunshyaq" екінші инклюзивті алаңының салтанатты ашылуына шақырды. Инклюзивті балалар алаңы қимылы, ақыл-есі шектеулі балаларға, әсіресе олардың әлеуметтік дамуы үшін көмектесетін бірден бір алаң. 

Бізің бүлдіршіндер әткеншектерде ойнап, төбешіктерден сырғанап, флешмобқа  шын ынталарымен қызыға қатысты. Бүлдіршіндерге тәтті тағамдар, жемістер және түрлі тәттілер ұсынылды. Ерекше балалардың болашағы үшін алаңдайтын адамдарға үлкен алғыс білдіреміз. 

  • IMG-20191003-WA0013
  • IMG-20191003-WA0014
  • IMG-20191003-WA0015
  • IMG-20191003-WA0016
  • IMG-20191003-WA0017 1
  • IMG-20191003-WA0018
  • IMG-20191003-WA0019
  • IMG-20191003-WA0020
  • IMG-20191003-WA0021
  • IMG-20191003-WA0022
  • IMG-20191003-WA0024
  • IMG-20191003-WA0025
 

«Мамандандырылған балалар үйі»

Байланыс ақпараты

Қабылдау: 57-11-26

Кадрлар бөлімі: 56-11-27

Юрист: 56-12-61

Бас есепші: 57-31-16

Старший воспитатель: 54-75-40

Ординаторская: 57-11-27

Старшая медсестра: 56-17-56

Вахта: 54-75-40

Сызба нұсқа