Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp чат-ботты іске қосты

on .

Тегін қызмет көрсету арқылы қазақстандықтар коронавирустық инфекция туралы кез келген сұрақ қоя алады. Чат-ботта нақты, сенімді әрі өзекті ақпарат жинақталған, бұл ел тұрғындарына коронавирус туралы жиі кездесетін сұрақтарға тәулік бойы жауап алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp чат қызметін пайдалану үшін:

1) смартфонның контактілерінде +7 705 812 69 67 нөмірін сақтаңыз немесе https://wa.me/77058126967 сілтемесі арқылы өтуіңіз;

2) Кейін де ақпарат алу үшін WhatsApp нөміріне кез келген мәтіндік хабарлама жіберіңіз.

Халықаралық мейірбикелер күні

on .

Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің "Мамандандырылған балалар үйі" МКМ-нде Халықаралық мейірбикелер күніне арналған арнайы іс-шара өткізілді. Кәсіби мереке иелеріне арналған шағын концерт, сондай-ақ,  ізгі тілектер, ыстық лебіздер мен құттықтаулар көп айтылды. Еңбегімен ерекшеленетін асыл жандарға мекеме ұжымы атынан әдемі гүл шоқтары тарту етілді.

 

Әлемдік кәсіби мейірбике күні жыл сайын 12 мамыр күні белгіленеді. Медицина бикеші кәсібі ең ізгі, адамгершілігі мол, қоғамға пайдалы мамандық иесі. Емделушілердің жақсы және сәтті емделуінің, шапшаң оңалуының 50% дұрыс күтімге тәуелді екендігі туралы бекер айтылмаған. Әр уақытта мейірбикелердің жылы да қамқорлы, нәзік қолдары денсаулықты сақтауда адамдарға пайдасының тиері анық.  Дәрігерлердің оң қолы болып саналатын мейірбикелер әрдайым науқастардың жанына жылулық сыйлап, жанынан табылады.

МӘМС

on .

Сақтандыруы жоқ Қазақстан азаматтарының 1 шілдеге дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекті ұзарту құқықтарына ие болғаны белгілі. Осы кезеңде барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. 2,5 млн аса адам үшін мемлекеттің қолдауы осындай.

 

Қазір Қазақстанда 16,4 млн адам сақтандырылған болып табылады. Оның ішінде 11 млн–ы мемлекет жарна төлейтін әлеуметтік жағынан осал азаматтар. Осылайша, ел халқының жартысынан астамы автоматты түрде сақтандырылған.

Ұлы Жеңіс күні!!!

on .

Бүгін қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 75 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды.  Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі.

 

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

 

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

«Мамандандырылған балалар үйі»

Байланыс ақпараты

Қабылдау: 57-11-26

Кадрлар бөлімі: 56-11-27

Юрист: 56-12-61

Бас есепші: 57-31-16

Старший воспитатель: 54-75-40

Ординаторская: 57-11-27

Старшая медсестра: 56-17-56

Вахта: 54-75-40