Басты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің сайтына қош келідіңіздер! 

Балалар үйі 1933 жылы Ақмола қаласында құрылды, ол «Социалистическая» көшесінде орналасқан бір қабат ағаш ғимаратында болды.

1993 жылға дейін балалар үйі Мәскеу көшесіндегі ғимаратта болды, 1993 жылдан бастап қазіргі ғимаратқа көшті.

1986 жылы Балалар үйіне «Мамандандырылған» мәртебе берілді,  бұл мәртебенің берілуіне ОЖЖ (Орталық жүйке жүйесін) әртүрлі деңгейде зақым келген, ақыл-ойы мен дамуында ақаулықтары бар балалардың түсуі себепші болды.

2000 жылы шаруашылық блок, яғни гараж бен кір жуатын бөлім қолданысқа тапсырылды. 2019 жылы «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің барлық ғимаратына күрделі жөндеу өткізілді.

Мамандандырылған балалар үйі – жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен бірге орталық жүйке жүйесіне органикалық зақым келген, ақыл-ойы мен дене дамуында ақаулықтары бар балаларға медициналық көмек пен тәрбие берумен айналысатын мемлекеттік мекеме. 100 орынға есептелген. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, Нұр – Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына бағынады.

Балалар үйінде туғанынан 4 жасқа дейінгі балалар орналасқан.

2012 жылы жетімділіктің алдын-алу және биолоиялық отбасына сақтау мақсатында дағдарыстық бөлім ашылды, бұл топқа жаңа туған нәрестелер де, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-аналары тастап кеткен балалар да түседі.

1.02.2018 жылдан балалар үйінде «Үйдегідей» өмір сүрудің отбасылық үлгісін енгізу үшін модернизация бағдарламасы іске қосылды. 18.08.2020 ж. жағдай бойынша 4 отбасылық тобы бар.

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-інде 2020 жылдың 18 тамызынадағы қорытынды есеп бойынша 150 жеке тұлға жұмыс атқаруда, олардың ішінде: басқару персоналы – 5, дәрігерлер – 6, жоғарғы медициналық білімі бар маман – 1, орта медициналық персонал  - 16, педагогикалық персонал – 50, әкімшілік персонал – 18, қосалқа персонал – 25, өзге де қызметкерлер – 30.

Балалар үйі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылатуға үлкен көңіл бөлінеді. Медициналық және педагогикалық әдебиеттер жазғызып алынады.


Соңғы жаңалықтар

Тіл-ұлт байлығы, Халық қазынасы

on .

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Сол себепті бүгін біздің «Шиелім» отбасылық тобында «Тіл – алтын қазына» тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға тілдің маңызы мен құндылығы жайлы түсіндірілді және ұлттық салт – дәстүр, көркем оқулықтармен таныстырылды. Түрлі ойындар ойнап, ән салып, би билеп көңіл көтерді.

«Отбасы бақыты» атты тренинг өтті

on .

Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары.

Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында, «Отбасы бақыт мекені» апталығы жалғасуда, бүгін біздің үйде психолог Гүлжан Алтынбекованың жетекшілігімен «Отбасы бақыты» атты тренинг өтті. Тренингке қатысушылар Отбасылық бағалы естеліктерді еске түсіріп, оның құндылығы жайлы айтып берді. Тренинг барысында кеңестер, пікір алмасулар, қызықты ойындар, «жүректен-жүрекке» жылы лебіздерін білдіру, сергіту сәті өткізілді. Тренинг белсенді интерактивті ортада өтті. Мамандар пікірталастар мен ойындарға белсене қатысып, жұмыс істеді.

«Берік отбасы адамның сенімді тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

on .

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Отбасы бақыт мекені» апталығы аясында «Берік отбасы адамның сенімді тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде бала тәрбиесіндегі Отбасы құндылықтарының алар орны жайлы айтылып, ортада талқыланды. Дөңгелек үстел алдын ала дайындалған жоспар бойынша жүрді. Жаңартылаған білім мазмұнының балаға  пайдасы мен кері әсері, Обтасының бала білімі мен тәрбиесіндегі рөлі жайлы әңгіме өрбіді. Әдіскер Оксана Евгеньевна мен аға тәрбиеші Лаура Сериковна дайындаған көрнекіліктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәрбиешілер балалардың дүниетанымын кеңейтуге арналған дидактикалық әдістемелік материалдармен таныстырды. Тәрбиешілер іс-шара барысында өз топтарының отбасылық суретін салып, түрлі зияткерлік ойындар мен «Денсаулық қошеметі» сергіту сәтін өткізді.

«Мамандандырылған балалар үйі»

Байланыс ақпараты

Қабылдау: 57-11-26

Кадрлар бөлімі: 56-11-27

Юрист: 56-12-61

Бас есепші: 57-31-16

Ординаторская: 57-11-27

Старшая медсестра: 56-17-56

Вахта: 54-75-40